Accessibility links

БҰҰ-ға тыңшылыққа қатысты қарар түсті


Германияның БҰҰ-дағы елшісі Питер Виттиг.
Германияның БҰҰ-дағы елшісі Питер Виттиг.
Германия мен Бразилия 26 қарашада БҰҰ-ның адам құқықтары комитетіне жеке өмірге қол сұғылмаушылық жайын қарастыратын қарар ұсынды. Германияның БҰҰ-дағы елшісі Питер Виттиг қарардың заңдық күші жоқ болғанымен, оның "саяси ескерту" екенін айтады.

Қарарда мемлекеттер мен компаниялардың жеке адамға тыңшылық жасап, ол туралы ақпараттарды жымқыруы "адам құқықтарын бұзатыны" айтылған.

Құжатта БҰҰ Бас ассамблеясының адам құқықтары комитеті "байланыс жүйелерінен ақпарат ұрлап, тыңшылық жасау, оның ішінде мемлекеттен тыс аумақта бақылау орнатудың адам құқықтарымен байланысты болғандықтан алаңдаушылық білдіретіні" жазылған.

Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель мен Бразилия президенті Дилма Руссефф АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі өздерінің телефондағы әңгімелерін тыңдап, электрондық жазбаларына тыңшылық жасағаны туралы ақпараттарға наразылық танытқан еді.

Қарарды енді БҰҰ Бас ассамблеясы толық құрамда дауысқа салуы қажет.
XS
SM
MD
LG