Accessibility links

Мәскеуде "радикалды топтың" 14 мүшесі ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Мәскеудің шығысында Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкерлері мен полиция бүгін "Ат-Такфир валь-Хиджра" радикалды исламшыл тобының 14 мүшесін ұстаған. Ресей ішкі істер министрлігі тінту кезінде ұсталғандардан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіленгені туралы хабарлады.

Қарашаның басында Мәскеу түбінде "Ат-Такфир валь-Хиджра" тобының күдікті мүшесі ұсталған еді. Тергеу орындары оны әйелдерді экстремистік ұйымға тартумен айналысты дейді.

"Ат-такфир валь-Хиджра" халықаралық террористік ұйымы Египетте 1970 жылдардың басында құрылған. Ол ең радикалды ислам ұйымдарының қатарына кіреді.

2010 жылдың қыркүйегінде Ресей үкіметі "Ат-Такфир валь-Хиджраны" экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған.
XS
SM
MD
LG