Accessibility links

Таиландта үкіметке қарсы шерулер күшейіп келеді


Бангкоктегі наразылық шеруі. Таиланд, 25 қараша 2013 жыл.
Бангкоктегі наразылық шеруі. Таиланд, 25 қараша 2013 жыл.
Бүгін Таиланд астанасы Бангкокте мыңдаған адам еңбек, энергетика, денсаулық сақтау және сауда министрліктері ғимараттарының алдына жиналды. Олар премьер-министр Йинглак Чинаваттың отставкаға кетуін талап етіп, оның ағасы - экс-премьер әрі миллиардер Таксин Чинаваттың мемлекет саясатына ықпал етуіне наразылық білдірді. Шерушілер премьер мен ағасын елді коррупцияға ұрындырып, монархияның іргесін шайқалтты деп айыптайды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, мұндай наразылық шерулері бүгін 19 провинциядағы аймақтық әкімшілік орындарында да өтіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, кейбір шенеуніктер көшеге шығып, манифестанттарға қосылып жатыр.

Бангкокте демонстранттар қоршауға алған арнайы тергеулер департаментінің барлық қызметкері басқа жаққа әкетілді.

Таиландта бірнеше аптадан бері жалғасып жатқан үкіметке қарсы шерулерді бұрынғы вице-премьер Сутхеп Тхаксубан басқарады.
XS
SM
MD
LG