Accessibility links

Францияда ниқабқа тыйым салуға қарсы сот басталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Франциядағы қоғамдық орындарда мұсылман әйелдерінің көзін ғана ашып қалдырып, бет-жүзін жауып тұратын орамалы - ниқаб тағып жүруге тыйым салатын заңға қарсы шағымды қарай бастады.

Сотқа шағым түсірген әйел аталған заң өзінің "еркін ойлау, ар-ұждан және дін бостандығына" құқықтарын шектейді деп санайды. Тыйым салуды жақтайтындар Страсбург сотын шағымды қабылдамауға шақырады.

Шағымды қарауға бір ай уақыт кетеді деген болжам бар.

Әйел құқықтарын қорғайтын халықаралық лиганың мәлімдеуінше, заң "адамның қадыр-қасиетін аяққа таптамайды және бостандығын шектемейді". Ұйым өкілдерінің пікірінше, "ниқаб - әйел қадыр-қасиетін көпшілік алдында түсіру" болып саналады.

2011 жылы Францияда қоғамдық орындарда ниқаб киіп жүруге тыйым салатын заң күшіне енген еді. Заң бұзғандарға айыппұл салу немесе азаматтық мәселелеріне арналған арнайы курстарға жіберу қарастырылған.

Батыс Еуропадағы ең үлкен мұсылман қауымы Францияда тұрады.
XS
SM
MD
LG