Accessibility links

Латвия премьері төтенше оқиғадан соң отставкаға кетті


Латвия премьер-министрі Валдис Домбровскис.
Латвия премьер-министрі Валдис Домбровскис.
Латвия премьер-министрі Валдис Домбровскис Ригада өткен аптада супермаркеттің шатыры құлап, 54 адам мерт болған төтенше оқиғадан соң отставкаға кетті. Домбровскистің баспасөз хатшысы Мартиныш Панкенің айтуынша, премьер отставкаға кету себебін баспасөз жиынында жария етпек.

21 қарашада Ригадағы Maxima супермаркетінің шатыры құлаған еді. Салдарынан 54 адам құрбан болып, 40-қа жуық адам жараланған. Латвия президенті Андрис Берзиныш төтенше оқиғаны "қасақана кісі өлтіру" деп атаған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Супермаркеттегі оқиғаға байланысты ешкім Латвия үкіметін я премьер-министрді айыптамаған.
XS
SM
MD
LG