Accessibility links

Дубайда ЭКСПО-2020 өтеді


ЭКСПО-2020 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алғанын --> http://www.azattyq.org/archive/news/20131128/330/330.html?id=25182599 Дубай мерекелік шаралар өткізіп тойлады. 27 қарашада Париждегі Халықаралық көрме бюросында өткен дауыс беру нәтижесінде Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикалық орталығы әрі ең ірі қаласы көрмені өткізу құқығына ие болды. Онымен Ресейдің Екатеринбург, Бразилияның Сан-Паулу және Түркияның Измир қалалары бәсекеге түскен еді. Дауыс беруге қатысқан 164 өкілдің 116-сы көрмені өткізуге Дубайды лайықты деп тапты. Дубай билігі көрме өткізу құқығын жеңіп алу құрметіне әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж-Халифа мұнарасы үстінде үлкен отшашу жағып, 28 қарашада мектептерде демалыс жариялады. ЭКСПО көрмесінде сәулет, мәдениет және технология салаларындағы жетістіктер көрсетіледі. Көрмені өткізген қалаға жаңа инвестиция тартып, туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашылады.

XS
SM
MD
LG