Accessibility links

АҚШ Қытаймен арадағы дауда Жапонияны қолдады


Қытай мен Жапония арасындағы даулы Сенкаку аралы.
Қытай мен Жапония арасындағы даулы Сенкаку аралы.
Оңтүстік Қытай теңізінде Сенкаку аралы маңындағы ауданға қатысты Жапония мен Қытай арасындағы дауда АҚШ Токионы қорғайды. Бұл туралы Жапония қорғаныс министрі Ицунори Онодэроймен телефон арқылы сөйлескен АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел мәлімдеген.

Пентагоның хабарлауынша, Хейгел АҚШ-тың өзара қорғаныс туралы америка-жапон келісімі бойынша Жапонияны қорғау туралы міндеттемесінің Сенкаку аралына да қатысы барын айтқан.

Жапония министрімен телефонмен әңгімесінде Чак Хейгель Токионың "ұстамдылық танытқанына" алғыс білдіріп, Қытайдың әрекеті "аймақтағы жағдайды шайқалтады" деген.

Осыдан бірнеше күн бұрын Қытай даулы арал маңына ешкімге ескертусіз, біржақты түрде әуеден бақылау жүйесін кіргізіп, осы ауданнан өтетін ұшақтарды бағыттары мен радиотолқын жиіліктері туралы есеп беріп отыруды талап еткен соң қытай-жапон қарым-қатынасында шиеленіс күшейген еді.

Тайваньнан солтүстік-шығысқа қарай 170 километр қашықтықтағы Сенкаку аралы Жапония, Қытай және Тайваньнің территориялық даулы аймағы саналады.

Аралға Жапония әкімшілік бақылау орнатқан. АҚШ бұл аралға қатысты дауда ешбір елді қолдамайды, бірақ Жапонияның әкімшілік бақылауын мойындайды.
XS
SM
MD
LG