Accessibility links

Литвиненко өлімі туралы іс құпия күйде қалмақ


Ресей арнайы қызметінің бұрынғы агенті, диссидент Александр Литвиненко.

Ресей арнайы қызметінің бұрынғы агенті, диссидент Александр Литвиненко.

Ұлыбритания жоғарғы сотының үкімі бойынша, Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) агенті және диссидент Александр Литвиненконың өліміне қатысты тергеу нәтижелері құпия күйінде қалады. Сот осы істі тергеуші - коронердің тергеу құжаттарын жария ету туралы шешімінің күшін жойды.

Судьялар 2006 жылы Литвиненконың қаза табуы туралы есеп құжаттарының жариялануы "ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін" деп ұйғарған. Судьялардың бірінің айтуынша, тергеуші "толыққанды тергеу жүргізудің ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірмейтініне дәйекті түрде түсіндіре алмаған".

Тергеуші сот шешіміне шағым беруді қарастырмақ.

Александр Литвиненко 2006 жылы Лондондағы қонақүйлердің бірінде бұрын Ресей арнайы қызметінде бірге істеген әріптесімен шай ішіп отырып "Полоний-210" радиоактивті затымен уланған еді. Ол уланғаннан кейін үш аптадан соң қайтыс болған.
XS
SM
MD
LG