Accessibility links

Сот оппозициялық газеттер шағымын қанағаттандырмады


Оппозициялық басылымдарды қорғаушы заңгер Сергей Уткин.

Оппозициялық басылымдарды қорғаушы заңгер Сергей Уткин.

Қазақстан Жоғарғы соты "біртұтас БАҚ" ісі бойынша қадағалау өндірісін ашудан бас тартты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Былтыр жабылған бірнеше оппозициялық басылым өкілдерінің шағымы қанағаттандырылмады.

Сотта газеттердің құқықтарын қорғаған заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, қызметтеріне тыйым салынған ақпарат құралдарына енді тек халықаралық құқық орындарына шағымдану мүмкіндігі ғана қалған.

Қазақстан соты 2012 желтоқсанда прокуратураның шағымы бойынша "біртұтас БАҚ-қа жатады" деп танылған бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарының қызметіне тыйым салған еді. "Біртұтас БАҚ" қатарына "Голос Республики", "Республика. Деловое обозрение - дубль2", "Моя Республика. Факты, события, люди" газеттері мен басқа да басылымдар және олардың Facebook-тегі парақшалары да кіргізілген.

Сот шешіміне жеті жарым жылға сотталған оппозициялық саясаткер Владимир Козловқа шыққан сот үкімі себеп болған. Онда аталған ақпарат құралдары "экстремистік" деп танылған еді.
XS
SM
MD
LG