Accessibility links

Ресей бұрынғы қорғаныс министрі істі болды


Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюков.

Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюков.

Бүгін Ресейде бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюковтің үстінен "қызметіне салғырт қарады" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ресей тергеу комитеті Сердюковті "әскерилерді пайдаланып, министрлік қаржысына Астрахань облысындағы жекеменшік демалыс аймағына баратын жол салдырған" деп айыптап отыр. Демалыс базасына жол салынған кезде Сердюковтің күйеу баласына тиесілі болған.

Сердюковтің тапсырмасымен орындалған жұмыстар мемлекетке 1,6 миллиард АҚШ доллары көлемінде зиян келтірген. Сердюковтің күйеу баласы демалыс базасын биыл күзде қорғаныс министрлігіне өткізген еді.

Сердюков егер айыпты деп танылса үш айға дейін бас бостандыған айырылуы мүмкін.

Ресей қорғаныс миинстрлігін 2007-2012 жылдары басқарып, былтыр коррупциялық іске қатысты қызметінен босатылған Сердюков оның алдында Ресей салық қызметін басқарған.

Анатолий Сердюков - президент Владимир Путиннің жақын серігі, бұрынғы премьер-министр Виктор Зубковтың күйеу баласы.
XS
SM
MD
LG