Accessibility links

БҰҰ тағы бір күнді журналистрге арнады


БҰҰ-ның штаб-пәтері, Нью-Йорк.
БҰҰ-ның штаб-пәтері, Нью-Йорк.
БҰҰ Бас ассамблеясы 2 қарашаны журналистерге қарсы жасалған қылмыстардың жазасыз қалуын тоқтату күні деп жариялады.

Бас ассамблеяда қабылданған қарарда БҰҰ-ға мүше елдер бейбіт уақытта және соғыс кезеңінде журналистер мен ақпарат құралдары өкілдеріне жасалған азаптау, сотсыз жазалау, қорқытып, қысым көрсетуді айыптаған. Қарарда ұйымға мүше елдер мемлекеттерді журналистерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алып, оларға қарсы жасалған қылмысты ашуға жәрдемдесуге үндейді.

Бұған қоса Бас ассамблея мемлекеттерге журналистердің өз жұмысын тәуелсіз, кедергісіз әрі қауіпсіз атқаруына жағдай жасауға шақырған.
XS
SM
MD
LG