Accessibility links

Сирия үкімет әскері тағы бір қаланы бақылауға алды


Сирия картасы.

Сирия картасы.

Сирияның үкімет әскері Ливанмен шекарадағы стратегиялық маңызы бар Дейр-Атыйя қаласын қайтадан бақылауына алды. Дамаскіден солтүстікке қарай 80 километр қашықтықтағы қаланы бұдан бірнеше күн бұрын көтерілісшілер басып алған еді.

Үкімет әскері Женевада 22 қаңтарда өтетін Сириядағы жағдайды реттеу келіссөздерініне дейін әскери позициясын нығайтып алуға тырысып жатыр.

БҰҰ бастамасымен өтетін келіссөздерге президент Башар Асад үкіметі мен батыс елдері қолдайтын оппозиция өкілдері қатысатындарын білдірген.

Ресми Дамаск Женеваға "билікті тапсыру үшін емес, жағдайды саяси реттеу жайын талқылауға" баратынын ескерткен. Ал оппозиция келіссөздерде "Башар Асад режимі қатыспайтын өтпелі үкімет орнату жайы қарастырылуы тиіс" дейді.
XS
SM
MD
LG