Accessibility links

Хамид Карзай: "Таспен ату" жазасын енгізбейміз


Ауғанстан президенті Хамид Карзай.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай үкімет "зинақорлық жасағандарды таспен ату" жазасын қайта енгізбейтінін мәлімдеді.

"Бұлай жазалау дұрыс емес. Әділет министрлігі заң жобасын кері қайтарды" деген Карзай.

Ауғанстанда "зинақорлық жасағандарды" таспен атып жазалау 1990 жылдардың ортасы мен 2000 жылдардың басында елді Талибан басқарып тұрған кезде қолданылған еді. Осы аптаның басында Human Rights Watch ұйымы Ауғанстан үкіметін аталған жаза түрінен бас тартуға шақырған. Ұйым мәлімдемесінде "Талибан билігі құлатылған 12 жылдан соң Карзай әкімшілігінің таспен атып жазалауды қайта жаңғыртуы шошынарлық жағдай" деген еді.

Ұйым Карзайды "тым болмағанда адам құқықтарына аз да болса құрмет көрсетіп, таспен ату жазасын қолдамауды" сұраған.
XS
SM
MD
LG