Accessibility links

Иракта жарылыстардан 30 адам мерт болды


Бағдад маңында болған жарылыстан кейінгі көрініс. Ирак, 27 қараша 2013 жыл.

Бағдад маңында болған жарылыстан кейінгі көрініс. Ирак, 27 қараша 2013 жыл.

Иракта кеше қатарынан бірнеше жарылыс болып, кемінде 30 адам қаза тапты. Бағдадтың оңтүстігіне қарай 100 километр қашықтықтағы Хилла қаласында базар маңы мен дүкендердың алдында үш көлікке орнатылған бомбалар жарылып, тоғыз адамды мерт етті. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жарылыстар айналасы 5 минуттың ішінде бірінен кейін бірі болған.

Осы күні Бағдадтан оңтүстікке қарай шамамен 160 километр қашықтықтағы Наджаф қаласында да көлікте бомба жарылып, жеті адам қаза болды. Бағдадтың оңтүстігіндегі тағы бір қала - Эс-Сувайрада да базар маңында көлікке жасырылған бомба жарылысынан бес бейбіт тұрғын опат болды.

Бағдад, Самарра және Тамия қалаларында да жарылыстар болып, барлығы тоғыз адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG