Accessibility links

Алматы маңында базар өртеніп, екі адам қаза болды


Барахолкадағы «Құлагер» базарындағы өртті сөндіруге келген өртке қарсы күрес қызметінің адамдары. Алматы, 17 қараша 2013 жыл.

Барахолкадағы «Құлагер» базарындағы өртті сөндіруге келген өртке қарсы күрес қызметінің адамдары. Алматы, 17 қараша 2013 жыл.

Дүйсенбіге қараған түні Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Құрдас-7» базарындағы өрт салдарынан екі адам қаза болған Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Мерт болғандардың денелері Алматы – Бішкек тас жолының 16-шақырымында орналасқан базар аумағындағы өртенген вагондардың бірінің ішінен табылған. Әзірге олардың аты-жөні белгісіз. Төтенше қызметтің хабарлауынша, өрт аумағы 600 шаршы метрді қамтыған.

Соңғы кездері Алматы базарларында өрт жиілеп кетті. Жұрт арасында «барахолка» деп аталып кеткен үлкен сауда базарлары шоғырланған жерде биыл күзде үш рет өрт шықты. Алматы әкімдігі базарларда өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмайтынын айтады. Өртенген базардағы саударгерлер жұмыс орындарын қалпына келтіруді талап еткен еді.
XS
SM
MD
LG