Accessibility links

АҚШ-та пойыз апатынан төрт адам мерт болды


Апатқа ұшыраған жолаушылар пойызы. Нью-Йорк, 1 желтоқсан 2013 жыл.
Апатқа ұшыраған жолаушылар пойызы. Нью-Йорк, 1 желтоқсан 2013 жыл.
Жексенбі күні Нью-Йорк қаласында жолаушылар тасымалдайтын пойыз апатынан кемінде төрт адам қаза болды.

Бронкс ауданында болған апат салдарынан пойызда отырған жолаушылардың көбі зардап шеккен. Қала мэрі Эндрю Кумо 63 адамның жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнынан түсірілген видеода Манхэттеннің солтүстігіндегі Гудзон және Гарлем өзендері қосылатын жерде рельстен шығып, бір бүйіріне аунап түскен бірнеше вагонның құлап жатқаны көрінеді.

Төтенше оқиға болған жерде құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге апаттың себебі анықталған жоқ.
XS
SM
MD
LG