Accessibility links

Хорватия халқы біржынысты некеге қарсы дауыс берді


Некеге қатысты референдумға дауыс беруге келген отбасы. Загреб, 1 желтоқсан 2013 жыл.
Некеге қатысты референдумға дауыс беруге келген отбасы. Загреб, 1 желтоқсан 2013 жыл.
Хорватияда жексенбіде өткен референдумның алдын ала нәтижесі бойынша, оған қатысқан азаматтардың 65 пайызға жуығы бір жынысты адамдар арасындағы некеге қарсы дауыс берген.

Осылайша енді ел Конституциясына неке ұғымы - "ер және әйел адамның арасындағы жұбайлық одақты" білдіретіні туралы өзгеріс енгізілмек.

Хорватия қоғамында қызу пікірталас туғызған біржыныстылар некесіне қатысты мәселені бүкілхалықтық референдумда дауысқа қою бастамасын елдегі католик шіркеуі қолдаған. Хорватияның 4,2 миллион тұрғынының басым бөлігін католик дініндегілер құрайды. .

Үкімет, құқыққорғаушылар мен елге танымал бірқатар тұлғалар референдум өткізу идеясына қарсы болған.

Сенбі күні ел астанасы Загребте жүздеген адам жиналып, біржыныстылар некесіне қарсылық білдірген еді.
XS
SM
MD
LG