Accessibility links

Қытай Айға аппарат ұшырды


Қытай Айға ұшырған "Юйту" аппараттының моделі. Шанхай, 5 қараша 2013 жыл.

Қытай Айға ұшырған "Юйту" аппараттының моделі. Шанхай, 5 қараша 2013 жыл.

Жексенбі күні Қытай Айға алғашқы робот аппаратын ұшырды.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан ұшырылған "Чанье-3" зымыран тасығышы "Юйту" ("Көкшіл қоян") деп аталатын аппаратты Айдың бетіне 14 желтоқсанда жеткізеді деп жоспарланған. Роботтың атауы Қытайдың ертедегі Айда мекендейтін қоян туралы мифінен алынған.

Алты дөңгелекті аппарат 90 күн бойы Айдың беткі қабатында 10 шаршы шақырымды зерттемек.

Қытай 2007 жылы Жердің табиғи серігіне алғашқы аппаратын ұшырып, ол Айдың беткі қабатын суретке түсіріп алған еді.

Қытайдың коммунистік басшылығы елді АҚШ және Ресеймен қатар тұратын ғарыштық державаға айналдыруды көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG