Accessibility links

Бангкокте полиция кеңсесіндегі кедергілер жойылды


Шерушілер полиция штаб-пәтері маңында полициямен қақтығысып қалды. Бангкок, 2 желтоқсан 2013 жыл.
Шерушілер полиция штаб-пәтері маңында полициямен қақтығысып қалды. Бангкок, 2 желтоқсан 2013 жыл.
Таиланд астанасы Бангкокта полиция үкіметке қарсы шерушілердің полиция штаб-пәтеріне кіруіне мүмкіндік беріп, ғимарат айналасына қойылған кедергілерді алып тастады.

Полиция екі жақ арасында қақтығыс болып кетпес үшін шерушілерге штаб-пәтерге кіруге рұқсат етті.

Демонстранттар бірнеше аптадан бері премьер-министр Йинглак Чинават пен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Жексенбіде Чинават оппозициямен кездескен. Сол күні Бангкокте полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болып, үш адам қаза тапқан. 220-дан астам адам жараланған.

Шеруге шыққандар Йинглак Чинават үкіметін оның ағасы, экс-премьер Таксин Чинават бақылайды деп айыптайды. Қазір шетелде тұратын Таксин Чинаваттың үстінен Таиландта «коррупция» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG