Accessibility links

Радада үкіметке сенбеу қаулысы жобасы қабылданды


Украинадағы наразылық. Львов, 2 желтоқсан 2013 жыл.

Украинадағы наразылық. Львов, 2 желтоқсан 2013 жыл.

Украина Жоғарғы радасының мемлекеттік құрылым және жергілікті өзін-өзі басқару комитеті үкіметке сенімсіздік таныту қаулысы жобасын мақұлдады.

Үкіметке сенімсіздік таныту мәселесі 3 желтоқсан күні парламенттің таңғы отырысында қаралмақ. Бірақ "УДАР" оппозициялық партиясы басшысы Виталий Кличконың айтуынша, елдегі саяси дағдарысты оңалту үшін министрлер кабинетін отставкаға ғана жіберу жеткіліксіз.

Киевте президент пен үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен шеру әлі жалғасып жатыр.

Оппозицияның бірнеше мың жақтасы министрлер кабинетін, қалалық әкімшілікті, кәсіподақ үйін қоршап тұр. Шерушілер қалалық әкімшілік ғимаратынан Жоғарғы радаға "Аймақтар партиясынан" сайланған депутаттар Вадим Колесниченко мен Александр Онищенконы шығарып жібергені хабарланды. Олар шерушілерді ғимараттан шығуға үгіттеуге барған еді.

Киевте жексенбі күні милиция жасағымен ұстасып қалған он шақты студентті сотқа тартып жатыр. Соңғы күндері отыздай студент милиция бөлімдеріне қамалды. "Әкімшілік ғимаратын басып алған, тәртіпсіздік тудырған, милицияға қауіп төндірген" деген айыппен 11 қылмыстық іс қозғалған.

Украина ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Киевке қосымша әскер әкелінетінін хабарлады.

Украинаның басқа қалаларында да шерулер өтіп жатыр. Запорожьедегі шерушілер қалалық әкімшілікті басып алып, мэрдің қызметінен кетуін талап етті. Оппозиция бүкілхалықтық ереуіл жариялады.
XS
SM
MD
LG