Accessibility links

Бішкек мэрі үстінен іс қозғалды


Бішкек мэрі Иса Өміркулов.

Бішкек мэрі Иса Өміркулов.

Бішкек мэрі Иса Өміркуловтың үстінен "қызметін асыра пайдаланды" деген баппен қылмыстық іс қозғалды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Иса Өміркулов пен оның бірнеше серігі 2002 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта Бішкектегі орталық Жеңіс паркіне тиесілі аумақтан "заңсыз құрылыс салуға жер телімін бөліп берді" деген күдікке ілініп отыр. Прокуратура өкілі Улугбек Сұлтановтың айтуынша, Өміркулов айыпты деп танылса 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бірақ, Бішкек мэрі қазір қызметін атқарып отыр. КырТАГ агенттігіне берген сұхбатында Өміркулов "кінәсін" мойындамай, өзіне ресми айып тағылмағанын айтқан. Ол қажет болған жағдайда парктің шекарасын өзгерту туралы қаулысын қайта қарауға дайын екенін білдірді.
XS
SM
MD
LG