Accessibility links

БҰҰ: Башар Асадтың әскери қылмысқа қатысы бар


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэйдің айтуынша, Сирия президенті Башар Асад пен оның үкіметіндегі біраз адамның әскери және адамзатқа қарсы қылмысқа қатысы бар.

Пиллэйдің мәлімдеуінше, Сириядағы қақтығыстарды тергеу кезінде сарапшылар адамзатқа қарсы қылмыс жасалғанын дәлелдейтін "жеткілікті айғақтар" жинаған. Пиллэй "адамзатқа қарсы жасалған қылмыстардың" көпшілігіне үкімет өкілдері, оның ішінде мемлекет басшысы жауапты екенін айтады.

БҰҰ-ның тергеу комиссиясы түзген "қылмыстарға жауаптылар" тізімі құпия күйінде қалмақ. Тізім ресми түрде тергеу басталған кезде жарияланбақ.

Нави Пиллэй Сириядағы көтерілісші топтарды да сынға алып, "қақтығыстар кезінде қос тараптың жасаған зұлымдығы шексіз" деді.

Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, екі жарым жылдан астам уақытқа созылған қақтығыстар кезінде Сирияда құрбан болғандар саны 126 мыңға жеткен. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, құрбан болғандардың үштен бірі - бейбіт тұрғындар. Соғыста көтерілісшілер 28 мыңға тарта, үкімет әскері - 50 мыңнан астам сарбазынан айырылған.
XS
SM
MD
LG