Accessibility links

Нетаньяху Рим Папасын Израильге шақырды


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху (сол жақта) мен Рим Папасы Франциск. Ватикан, 2 желтоқсан 2013 жыл.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху (сол жақта) мен Рим Папасы Франциск. Ватикан, 2 желтоқсан 2013 жыл.

Рим Папасы Франциск кеше Ватиканда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды қабылдап, оны Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнату ісіне ықпал етуге шақырды.

Ватиканның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Франциск пен Нетаньяху израиль-палестин келіссөздері қайта жанданып жатқан кездегі "күрделі саяси және әлеуметтік жағдайды" талқылаған.

Израиль премьері Рим Папасын Израильге келіп кетуге шақырды. Бірақ сапар мерзімі айтылмады.

Римде Нетаньяху Италия премьер-министрі Энрико Леттамен де кездесті.
XS
SM
MD
LG