Accessibility links

БҰҰ: Мүгедектер қоғаммен еркін араласуы тиіс


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Нью-Йорк, 25 қараша 2013 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Нью-Йорк, 25 қараша 2013 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун ұйымға мүше елдерді мүгедектердің қоғамға кірігуіне мүмкіндіктер ашып, олардың жолындағы кедергілерді жоюға шақырды.

3 желтоқсан - халықаралық мүгедектер күніне орай Пан Ги Мун жасаған мәлімдемеде: "Әлемде 1 миллиардтан астам мүгедек адам бар. Біз олардың қоғамға кірігіп, араласуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жойып, бұл адамдарды кемсітетін көзқарастан арылуымыз қажет" делінген.

Бас хатшының айтуынша, биыл қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан оқшау қалып қоюының көптеген себеп-салдарын талқылап, ұйымға мүше елдер мүгедектердің мүддесін қорғауға бағытталған мемлекеттік және халықаралық деңгейде шаралар қабылдауға дайын екендерін білдірген.

БҰҰ мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күнін 1992 жылы тағайындаған.
XS
SM
MD
LG