Accessibility links

Атырауда ері мен әйеліне «терроризмді насихаттау» айыбы тағылды


Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облыстық департаменті. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облыстық департаменті. (Көрнекі сурет)

Атырау облысы Құлсары кентінің ерлі-зайыпты тұрғындарының үстінен Қазақстан қылмыстық кодексінің 233-1 бабы бойынша (терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру) қылмыстық іс қозғалғаны туралы жергілікті "Ақ жайық" газеті хабарлады..

Заңда аталған бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

Тергеу барысында күдіктілердің отбасындағы 7-13 жас аралығындағы төрт баланың мектепке бармағаны анықталған деп жазады басылым. Балалар кәмелетке жасы толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығына орналастырылған. Прокуратура берген ақпаратта бұл істің бүге-шігесін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылған.

Қылмыстық істі Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облыстық департаменті қозғаған.
XS
SM
MD
LG