Accessibility links

Джон Керри Киев сапарынан бас тартты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне сапарын бастайды. Әуелі ол Брюссельде аялдайды. Онда НАТО ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Ауғанстандағы біріккен іс-қимылды талқылайды.

Бұл жолы Керри Киевке белгіленген сапарынан бас тартты. Бұған дейінгі жоспар бойынша ол Украина астанасында желтоқсанның 4-і мен 5-і күндері өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер министрлерінің 20-кездесуіне қатысуы тиіс еді. Оның орнына Керри Молдоваға барып, Кишиневке соңғы жылдары жасаған «маңызды реформалық қадамдары» үшін қолдау білдірмек. Сонымен бірге осы сапарында АҚШ мемлекеттік хатшысы Таяу Шығыста Иерусалим мен Рамаллаға бармақшы.

Керридің Киевке сапарынан бас тартуына Украинаның Еуропа Одағымен сауда келісіміне қол қоюдан бас тартуы себеп болды ма деген сауалға АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки түсініктеме бермеді.

21 қарашада Киевтің Еуропамен интеграция келісімінен бас тартуы Украина қоғамында наразылық туғызып, оны соңы билікке қарсы жаппай шерулерге ұласты. Бүгін Жоғарғы Радада үкіметке сенімсіздік таныту мәселесі қаралып жатыр.

29 қарашада Вильнюсте өткен «Шығыс ынтымақтастығы» саммитінде Грузия мен Молдова Еуропалық одақпен ассоциация келісіміне қол қойған еді.
XS
SM
MD
LG