Accessibility links

Облыстық сот Мухортованың шағымын қанағаттандырмады


Балқаштық адвокат Зинаида Мухортова. Астана, 1 қараша 2013 жыл.

Балқаштық адвокат Зинаида Мухортова. Астана, 1 қараша 2013 жыл.

Бүгін Қарағанды облыстық соты балқаштық адвокат Зинаида Мухортованың мәжбүрлі түрде психиатриялық сараптамадан өткізілгенін заңды деп тауып, оның апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады.

Мухортованың өкілі Амангелді Шорманбаев бұл шешіммен келіспей, енді кассациялық арыз түсіретіндерін айтты. Ал, егер ол да қанағаттандырылмайтын болса, онда Жоғарғы сот, одан қалса БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитетіне дейін шағынуымыз мүмкін деді ол.

Балқаш қалалық сотының шешімімен психиатриялық диспансерге күшпен жатқызылып, медициналық сараптамадан өткізілген Зинаида Мухортова қазір Балқаштағы үйінде.

Мухортованың ісін назарда ұстап отырған халықаралық құқыққорғау ұйымдары Қазақстан үкіметін адвокаттан «саяси астары бар айыптауларды» алып тастауға, өзгеше ойлайтын жандарды психиатриялық клиникаға жатқызып, еркінен тыс емдейтін советтік практиканы тоқтатуға шақырған..
XS
SM
MD
LG