Accessibility links

Қытайда зымыран бөлшектері елді мекенге құлады


Қытайлық "Чанъе-3" зымыраны ғарышқа ұшып барады. Сычуань провинциясы, 2 желтоқсан 2013 жыл.

Қытайлық "Чанъе-3" зымыраны ғарышқа ұшып барады. Сычуань провинциясы, 2 желтоқсан 2013 жыл.

Қытайдың Айға аттандырған аппаратын алып ұшқан "Чанъе-3" зымыранының бөлшектері жер бетіне, зымыран ұшырылған аумақтан мың километрден астам қашықтыққа құлады.

Қытайлық Xiaoxiang Post газетінің хабарлауынша, зымыран бөлшектері Хунань провинциясындағы 11 ауылдың аумағына түскен. Зымыран бөлшектері құлаған аймақта 160 мыңнан астам халық тұрады. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген, тек екі үйдің шатыры ғана қираған деп хабарланды.

Айда жүретін аппарат тиелген "Чанъе-3" зымыраны Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан 2 желтоқсанға қараған түні ұшырылған еді. Ол Айға 14 желтоқсанда қонып, Айдың бетін зерттейтін 90 күндік миссиясына кіріседі деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG