Accessibility links

АҚШ Пәкістан арқылы әскери жүк тасуды тоқтатты


Пәкістан территориясы арқылы тасымалданып жатқан НАТО әскери техникалары. Карачи, 25 қараша 2013 жыл.

Пәкістан территориясы арқылы тасымалданып жатқан НАТО әскери техникалары. Карачи, 25 қараша 2013 жыл.

АҚШ Пәкістан территориясы арқылы Ауғанстаннан әскери техникасын шығаруды уақытша тоқтатты.

АҚШ үкіметі "пилотсыз ұшақ шабуылын жасауға қарсы пәкістандықтар әскери жүк таситын көлік жүргізушілеріне қауіп төндіруі мүмкін" деп сақтық жасап отыр. Пентагон өкілі Марк Райттың айтуынша, Хайбер өткелінен Карачиге дейін жүк тасымалдау "жүргізушілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенге дейін тоқтатылған".

АҚШ 2014 жылы Ауғанстаннан халықаралық коалиция күштері шығарылатындықтан бұл елден әскери техникасын әкетіп жатыр.

Соңғы күндері Пәкістанның Ауғанстанмен шекара аймағында пилотсыз ұшақтардың "террорист" деген күдіктілерге қарсы әуеден соққы жасауына жаппай қарсылық акциялары өтті.

Пәкістан үкіметі мен тұрғындар америкалықтардың пилотсыз ұшақтарды пайдалануы Пәкістанның егемендігіне нұқсан келтіріп, бейбіт тұрғындарға қауіп төндіреді дейді.

Бірақ Вашингтон пилотсыз ұшақтарды содырлармен күрестегі маңызды құрал деп санайды.
XS
SM
MD
LG