Accessibility links

Украинада шеру әлі жалғасып жатыр


Киевтегі наразылық танытушылар мен полиция бетпе-бет тұр. Украина, 3 желтоқсан 2013 жыл.
Киевтегі наразылық танытушылар мен полиция бетпе-бет тұр. Украина, 3 желтоқсан 2013 жыл.
Киевте биліктің Еуропамен интеграциядан бас тартуына наразылық танытушылар үкімет үйінің маңында әлі шеру өткізіп тұр. Демонстранттар өткен түні де тарқамаған.

Кеше Украина премьер-министрі Николай Азаров бүгін Брюссельге және Мәскеуге қатар делегация жіберілетінін хабарлаған еді. Азаров украин делегациясы Брюссельде Еуропа одағы өкілдерімен "Украинаға пайдалы шарттармен интеграция орнату келісімін жасасу мүмкіндіктерін қарастыратынын" айтқан. Бірақ ЕО өкілдері бүгін Украина делегациясын күтіп алу жоспары жоғын мәлімдеген.

Кеше Украина парламенті көпшілік дауыспен премьер Николай Азаров пен оның үкіметіне сенімсіздік білдіру вотумын қабылдамай тастады. Бірақ оппозиция жақтастары үкіметтің отставкаға кетуін әлі талап етіп жатыр.

Елде наразылық шерулері күшейіп тұрған тұста Украина президенті Виктор Янукович Қытайға сапармен кетті. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтон Украина үкіметін "еркіндік пен көркею жолында өмір сүргісі келетін халықтың талап-тілектеріне мойынсұнуға шақыратынын" мәлімдеді.

21 қарашада Киевтің Еуропамен интеграция келісімінен бас тартуы Украина қоғамында наразылық туғызып, оны соңы билікке қарсы жаппай шерулерге ұласты.

29 қарашада Вильнюсте өткен «Шығыс ынтымақтастығы» саммитінде Грузия мен Молдова Еуропалық одақпен ассоциация келісіміне қол қойған еді.
XS
SM
MD
LG