Accessibility links

Ұлыбритания Иранға алғашқы дипломатын жіберді


Тегерандағы Ұлыбритания елшілігі алдындағы наразылық. Иран, қараша 2011 жыл.

Тегерандағы Ұлыбритания елшілігі алдындағы наразылық. Иран, қараша 2011 жыл.

Ұлыбритания Иранға 2011 жылы Тегерандағы елшілігі жабылғаннан бергі алғашқы дипломатын жіберді.

Ұлыбритания елшісі қызметін уақытша атқарушы Аджай Шарма Иран сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен келіссөздер жүргізу үшін кеше Тегеранға барды. Шарма бұған дейін сыртқы істер министрлігінің Тегерандағы миссия басшысының орынбасары болған.

Аджай Шарманың айтуынша, ол екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін енді Иранға үнемі барып тұрмақ.

2011 жылдың соңында Иранға жаңа санкциялар салынуына наразылық танытушылар Тегерандағы Ұлыбритания елшілігіне басып кірмек болған соң Лондон бұл елдегі дипломаттарын кері шақырып алған еді.
XS
SM
MD
LG