Accessibility links

АҚШ алғашқы жекеменшік спутнигін ұшырды


Falcon-9 зымыраны Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшып барады. Флорида штаты, 7 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Falcon-9 зымыраны Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшып барады. Флорида штаты, 7 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың жекеменшік Space Exploration Technologies компаниясы (немесе SpaceX) бірінші рет коммерциялық мақсаттағы спутникті сәтті ұшырды.

"Falcon-9" деп аталатын зымыран 4 желтоқсанға қараған түні Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі әскери ғарыш айлағынан ұшырылған. Зымыран Люксембургте орналасқан SES компаниясының құны 100 миллион АҚШ доллары тұратын телекоммуникациялық спутнигін алып ұшып, 15 минуттан соң оны орбитаға шығарды.

Спутник Үндістан, Қытай, Вьетнам және Азияның бірқатар елдеріне телевизиялық және басқа да қызметтер көрсетуге жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

SpaseX бұған дейін Халықаралық ғарыш станциясына жүгі бар капсуланы сәтті жеткізген еді.
XS
SM
MD
LG