Accessibility links

Асхат Дауылбаев FBI басшысымен кездесті


Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев. (Бас прокуратураның ресми сайтындағы сурет)

Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев. (Бас прокуратураның ресми сайтындағы сурет)

Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев АҚШ-та осы елдің Федералдық тергеу бюросының (FBI) жетекшісі Джеймс Комимен кездесті.

Бас прокуратура ресми сайтының хабарлауынша, кездесуде терроризм және экстремизммен, ұйымдасқан трансұлттық қылмыспен, есірткі бизнесі және кибер-қылмыспен күрес, қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға қарсы екі елдің құқықтық тұрғыдан ынтымақтастық орнату жайы талқыланған.

Кездесуде FBI өкілдері Қазақстан делегациясына терроризм, есірткі тасымалы, ұйымдасқан және экономикалық қылмыспен күрес бойынша Ұлттық бірлескен топтың жаңа жетістіктерін таныстырған. Дауылбаев Джеймс Комиді Қазақстанға келіп-кетуге шақырған.

Дауылбаев бұған қоса АҚШ-тың Есірткімен күрес жөніндегі федералдық агенттігі директоры Мишель Ленохардпен кездесіп, Вашингтон қаласының полициясы мен Квантико қаласындағы FBI академиясына барған.

Сапар барысында Асхат Дауылбаев АҚШ әділет министрі Эрик Холдермен де кездеспек.
XS
SM
MD
LG