Accessibility links

"Хезболла" қастандық үшін Израильді айыптады


"Хезболла" ұйымының жетекшісі Хасан Насралла.

"Хезболла" ұйымының жетекшісі Хасан Насралла.

Ливандық "Хезболла" ұйымы кеше түнде Бейрутта бір командирінің қастандықтан қаза тапқанын хабарлады. Ұйым таратқан хабарламаға қарағанда, Хасан әл-Лаккиске түнде Бейруттағы үйіне жеткен кезде қастандық жасалған.

"Хезболла" оқиғаға қатысты басқа ешқандай ақпарат бермегенімен, қастандыққа Израильді айыптады. Ұйым Израиль соңғы кездері Хасан әл-Лаккисті бірнеше рет өлтірмек болғанын айтады.

Бірақ Израиль сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Игаль Палмор қастандыққа Израильдің қатысы барын жоққа шығарды.

Иран қолдайтын шииттік "Хезболла" ұйымы Сирия президенті Башар Асадтың үкіметтік күштеріне көтерілісшілермен күресте қолдау көрсетіп келеді. Ұйым Бейруттың оңтүстігі мен Иран елшілігі орналасқан аймаққа бекінген.

"Хезболла" мен Израиль 2006 жылы соғысып, 1200-ден астам ливандық пен 150-ден астам израильдік қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG