Accessibility links

Бішкек мэрі отставкаға кетті


Бішкек мэрі Иса Өміркулов.

Бішкек мэрі Иса Өміркулов.

Үстінен "қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деген қылмыстық іс қозғалған Бішкек мэрі Иса Өміркулов бүгін отставкаға кетуге өтініш білдірді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Өміркулов бұл туралы баспасөз жиынында мәлімдеген. Бірақ ол отставкаға кету шешімін қылмыстық іспен байланыстырмайды.

"Қызметтен кетуімнің маған қарсы қозғалған қылмыстық іске байланысы жоқ. Әр нәрсенің басы мен соңы болады. Сол сияқты менің де қызметтік мерзімім аяқталды деп санаймын. Атқарылмай қалған істер үшін кешірім сұраймын" деген Өміркулов.

Бішкекті үш жыл басқарған Өміркулов "осы уақыт ішінде қаланың дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын" айтқан.

2 желтоқсанда Қырғызстан бас прокуратурасы Өміркулов пен оның бірнеше серігін 2002 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта Бішкектегі орталық Жеңіс паркіне тиесілі аумақтан "құрылыс салуға жер телімін заңсыз берді" деп айыптап, қылмыстық іс қозғаған еді. Бірақ Өміркулов "заң бұзбағанын" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG