Accessibility links

Ресейде Хан мешіті мұсылмандарға қайтарылды


Рязань облысындағы Хан мешіті.

Рязань облысындағы Хан мешіті.

Ресейдегі ең ескі мешіттердің бірі - Рязань облысындағы 15-ғасырда салынған Хан мешіті мұсылмандарға қайтарылып берілді.

Ресей мұсылмандары діни басқармасы бүгін бірнеше жыл құқықтық талас-тартыстан кейін Мәскеуден шығысқа қарай 225 километр жерде орналасқан Касимов қаласындағы Хан мешітін, Шах Әли және Мухаммад Авган Сұлтан мазарларын қайтарып алғанын хабарлады. Бұл мешіт пен мазарлар бұған дейін Касимов аймақтық музейінің иелігінде болып келген еді.

15-ғасырда татарлар тұрғызған мешіт Ресейдегі Дағыстанның Дербент қаласында 13-ғасырда салынған Жұма мешітінен кейінгі ең көне мешіт саналады.
XS
SM
MD
LG