Accessibility links

Әзербайжанның ұлттық ойыны ЮНЕСКО тізіміне енді


ЮНЕСКО халықаралық ұйымының белгісі.

ЮНЕСКО халықаралық ұйымының белгісі.

ЮНЕСКО ұйымы әзербайжандардың ұлттық ат ойынын қорғауға алынатын мәдени мұра тізіміне қосты. Ұйымның Бакуде өткен кездесуінде әзербайжандардың "човган" деп аталатын ат ойынын материалды емес мәдени мұралар тізіміне енгізді.

Човган - ат үстінде ойналатын поло ойынының бір түрі. Ертеректе човганды әзербайжан көшпенділері ойнайтын болған. Бес шабандоздан құралған екі команда өзара сайысқа түседі. Ойын "жанги" деп аталатын фольклорлық музыкамен сүйемелденіп отырады.

ЮНЕСКО-ның дерегі бойынша, әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен човган ойынының танымалдығы мен оның кейінгі ұрпаққа берілуі нашарлап кеткен.
XS
SM
MD
LG