Accessibility links

Иранда "үкіметке қарсы" 16 адам тұтқындалды


Иран полицейлері ұстаған жастар. (Көрнекі сурет)
Иран полицейлері ұстаған жастар. (Көрнекі сурет)
Иранда "үкіметке қарсы вебсайттарды материалмен қамтамасыз етіп отырды" деген күдікпен 16 адам тұтқындалды.

Оларға "батыстық және иранға қарсы ақпарат агенттіктерімен байланыс орнатты" деген айып тағылғаны туралы Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман қаласының прокуроры Ахмад Горбаниге сілтеме жасап ресми ақпарат агенттігі хабарлады. Бірақ 16 адамның нақты қашан ұсталғаны және олардың аты-жөндері белгісіз.

Ақпаратта ұсталғандардың кейбірі "Түркия мен Малайзияда арнайы семинарларға қатысқаны" айтылған.

Иран полициясы бұл он алты адамнан өзге "әндері жасырын жолмен таралатын" танымал әнші Амир Таталоны да тұтқындаған.
XS
SM
MD
LG