Accessibility links

Керри Нетаньяхумен Иран келісімін талқылайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Еуропа мен Таяу шығысқа сапары аясында Израильге барды. Бүгін ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездеспек. Келіссөздерде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жаңа келісім мен израиль-палестина бейбіт келіссөздері басты тақырып болады деп жоспарланып отыр.

Нетаньяху бұған дейін Иран мен әлемдік алты державаның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісіміне келіспеушілік білдіріп, оны "тарихи қателік" деп атаған еді. Ол "келісім Иранның ядролық қару жасауды жалғастыруына мүмкіндік береді" деген.

Қарашаның соңында Женевада қол жеткен келісім бойынша, Тегеран уранды бес пайызға дейін байытуды алты ай мерзімге доғарып, Арак қаласында салынып жатқан ядролық реактор жұмысын да тоқтатуы тиіс. Мұның есесіне Иранға салынған бірқатар санкциялар алынып тасталады.

Нетаньяхумен кездесуден соң Керри Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласында Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездеспек.
XS
SM
MD
LG