Accessibility links

"Скат" әуе компаниясының "Шымкент-Стамбул" бағытында ұшатын "Боинг-757" ұшағының навигациялық жүйесінде ақау шықты деп хабарлайды көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің ақпаратына қарағанда, "Боинг-757" ұшағы кесте бойынша 4 желтоқсан күні Шымкент әуежайынан сағат 20.30-да ұшпақ болған. Бірақ ұшақтың навигациялық есептеуіш құралы істен шыққаны анықталып, ақау жөнделгенше рейс үш сағатқа кешіктірілген.

Ұшақта 102 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Қазір болған оқиға тексеріліп жатыр.

Бұл - Қазақстан әуе компанияларының ұшақтарынан ақау шыққан алғашқы оқиға емес. Соңғы бір ай мерзімінде "Эйр Астана" компаниясының ұшақтарынан төрт рет ақау шығып, кестеден кешігіп ұшқан еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG