Accessibility links

Курамшинге халықаралық сыйлық тапсырылмақ


Вадим Курамшин, құқық қорғаушы, қоғамдық белсенді

Вадим Курамшин, құқық қорғаушы, қоғамдық белсенді

Қазақстандық қамаудағы құқық қорғаушы Вадим Курамшинге Парижде Людовик Трарье атындағы халықаралық құқық қорғау сыйлығы сырттай тапсырылмақшы.

Сыйлық Курамшиннің анасы Ольга Колтуноваға 5 желтоқсан күні арнайы ұйымдастырылған марапаттау рәсімі үстінде берілмек.

29 адвокаттан құралған жюри Курамшинді биылғы маусым айында сыйлықтың иегері деп таныған. Алғашқы Людовик Трарье сыйлығы 1958 жылы Нельсон Манделаға берілген.

Вадим Курамшиннің құқық қорғаушы ретіндегі белсенді әрекеттері Қазақстан түрмелерінде жазасын өтеушілердің құқықтары мен ахуалына назар аудартқан.

Өткен айда Қазақстанның жоғарғы соты оның жаза мерзімін өзгерту туралы өтінішін қабылдамай тастады.

Курамшин 2012 жылғы желтоқсан айында "бопсалау" айыбы бойынша 12 жылға сотталған еді. Оны жергілікті құқық қорғау ұйымдары "саяси тұтқын" деп жариялаған.
XS
SM
MD
LG