Accessibility links

Молдова румын тілін мемлекеттік тіл деп жариялады


Молдова картасы.

Молдова картасы.

Молдовада румын тілі ресми тіл мәртебесіне ие екендігі туралы шешімді 5 желтоқсанда конституциялық сот шығарды. Молдованың 1991 жылы қабылданған тәуелсіздік туралы декларациясында елдің ресми тілі - румын тілі деп жазылғанымен, 1994 жылы қабылданған конституцияда румын тілінің орнына мемлекеттік тіл молдова тілі деп көрсетілген еді.

Конституциялық соттың төрағасы Александр Танасе бұл мәселеге қатысты тәуелсіздік туралы декларация басым тұрады деп шешкен. Молдованың коммунистік оппозициясы соттың бұл шешімін сынға алды.

Молдова 1940 жылға дейін Румынияның бір бөлігі болып келген. Кейін оны Совет одағы бөліп алып, жергілікті тіл молдова тіліне көшкен.

Румыния президенті Траян Басеску сот шешімін "әділеттілік актісі" деп атады.

Өткен аптада Молдова үкіметі Еуропа одағымен келісім жасасқан. 1 желтоқсанда Молдова президенті Николае Тимофти алғаш рет Румынияның 1918 жылы біріккен күні құрметіне аталып өтетін Румыния ұлттық бірлік күні мерекесіне қатысты.
XS
SM
MD
LG