Accessibility links

АҚШ ресейлік ондаған дипломатқа айып тақты


Вашингтондағы Ресей елшілігі, АҚШ. Көрнекі сурет.
Вашингтондағы Ресей елшілігі, АҚШ. Көрнекі сурет.
АҚШ үкіметі ресейлік бұрынғы және қазіргі дипломаттар мен олардың жұбайларына "алаяқтық жолмен бір жарым миллион АҚШ долларын жымқырды" деген айып тақты. Манхэттен федералдық сотының ұйғарымы бойынша, ресейліктер "кедейлерге арналған бағдарламаны заңсыз пайдалану арқылы америкалық денсаулық сақтандыру қызметін заңсыз пайдаланған".

АҚШ үкіметінің мәлімдеуінше, дипломаттар мен олардың отбасылары "қымбат жерлерде демалуға, сәндік бұйымдар мен киімдерге" ондаған мың АҚШ долларын жұмсаған.

Вашингтондағы Ресей елшілігі айыптаулардың әділдігіне күмән келтіреді.

Дипломаттардың барлығы БҰҰ жанындағы миссия мен Ресей елшілігінде жұмыс істейді немесе бұрын қызмет істеген. Олардың барлығы дипломатиялық қол сұғылмаушылық құқығына ие болғандықтан, Ресей билігі ондай құқықтарынан айырмайынша АҚШ бұл дипломаттарды тұтқындай алмайды.
XS
SM
MD
LG