Accessibility links

ЕО-ның Украинадағы миссиясы ұзартылды


Еуропа парламентінің бұрынғы президенті Пат Кокс (сол жақта), Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский (ортада). Брюссель, 4 желтоқсан 2013 жыл.

Еуропа парламентінің бұрынғы президенті Пат Кокс (сол жақта), Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский (ортада). Брюссель, 4 желтоқсан 2013 жыл.

Еуропа парламентінің Украинадағы миссиясына украин үкіметімен келіссөздер жүргізуге Киевке тағы бір мәрте баруға өкілдік берілді.

Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульцтің айтуынша, Украинада "үкімет пен оппозиция арасын байланыстыру үшін" ол ЕО миссиясын ұзартуға дайын.

ЕО-ның Украинадағы миссиясы өкілдері - Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский мен Еуропа парламентінің бұрынғы президенті Пат Кокс бұл елге алғаш 2011 жылы сайлау заңнамаларына қатысты мәселелерді шешуге кеңес беру және Киевтің түрмеде отырған экс-премьер Юлия Тимошенкоға қатысты гуманистік заң қабылдауына ықпал ету үшін жіберілген еді.

Украина парламенті сырқатқа ұшыраған Тимошенконың шетелде емделуіне рұқсат ететін заңды қабылдай алмаған соң және үкімет қарашаның 21-і күні Вильнюсте 29 қарашада өткен саммитте Еуропа одағымен ассоциация келісімін жасасудан бас тартқаннан кейін миссия жұмысы тоқтатылған еді.

Украина билігінің ЕО-мен ассоциациядан бас тарту шешімі елде жаппай наразылық шараларын туындатты.
XS
SM
MD
LG