Accessibility links

Иемендегі шабуылды "Әл-Қаида" мойнына алды


Жарылыс болған қорғаныс министрлігінің аумағы. Сана, Иемен, 5 желтоқсан 2013 жыл.

Жарылыс болған қорғаныс министрлігінің аумағы. Сана, Иемен, 5 желтоқсан 2013 жыл.

"Әл-Қаида" ұйымының Иемендегі бөлімі кеше осы ел астанасы Санада қорғаныс министрлігінде болған жарылысты мойнына алды. Бұл туралы "Әл-Қаиданың" Араб түбегіндегі медиа құралы Al-Mallahem порталы хабарлады. Порталдың Twitter-дегі парақшасында ұйым қорғаныс министрлігіне онда "америкалық пилотсыз ұшақтар мен мамандардың болғаны үшін" шабуылдағаны жазылған.

5 желтоқсанда Санада қорғаныс министрлігінің аумағында жанкешті бомба тиеген көлікті айдап әкеліп, жарып жіберген еді. Жарылыстан 52 адам қаза тауып, 167 адам жараланған. Қаза тапқандар арасында шетелдік дәрігерлер де бар. Жарылыстан соң содырлар мен әскерилер арасында атыс болған.

Санада мұндай жойқын шабуыл 2012 жылы мамырдан бері болмаған.
XS
SM
MD
LG