Accessibility links

Тимошенконың соты қайта жалғасты


Украина экс-премьері Юлия Тимошенко.

Украина экс-премьері Юлия Тимошенко.

Украинаның Харьков қалалық соты бүгін экс-премьер Юлия Тимошенконың үстінен қозғалған "салықтан жалтару" айыбы бойынша сот процесін жалғастырды. Кейбір ақпараттарға қарағанда, Тимошенко бұл жолы да сотқа қатысудан бас тартқан.

Сот ғимаратында Тимошенконың адвокаты Сергей Власенконың бетіне белгісіз адам көк дәрі (зеленка) шашып жіберген. Оқиғадан адвокат зардап шеккен жоқ. Бірақ ол өзіне қарсы жасалған істі тексеруді талап етті.

Президент Виктор Януковичтің саяси қарсыласы Юлия Тимошенко 2011 жылы қазанда "билікті теріс мақсатта пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған еді. Кейін оның үстінен "салықтан жалтарды" деген айып бойынша екінші қылмыстық іс қозғалған. Бірақ сот процесі Тимошенконың оған қатысудан бас тартуына байланысты 2012 жылдың сәуірінен бері бірнеше рет кейінге қалдырылған.

Ресми тергеу деректері бойынша, Тимошенко 1990 жылдары жекеменшік энергетикалық компанияны басқарып тұрған кезінде бірнеше миллион АҚШ доллары көлеміндегі салықтан жалтарған. Бірақ экс-премьер айыпты мойындамайды.
XS
SM
MD
LG