Accessibility links

Киевтегі телехабар орталығына күзетті күшейтті


Билікке наразылар Киевтің Тәуелсіздік алаңында қарсылық акциясын жалғастырып жатыр. 7 желтоқсан 2013 жыл.

Билікке наразылар Киевтің Тәуелсіздік алаңында қарсылық акциясын жалғастырып жатыр. 7 желтоқсан 2013 жыл.

Украина милициясы Киев қаласындағы телехабар орталығына күшті күзет қойды. Ішкі істер министрлігі бұған осының қарсаңында телехабар орталығының жұмысына бөгет қоюға шақырған шерушілер мәлімдемесі себеп болғанын айтады.

Еуропамен сауда ынтымақтастығы келісімінен бас тартқан билік ешіміне наразы жүздеген адам Киевтің Тәуелсіздік алаңында қарсылық акцияларын жалғастырып жатыр.

Өткен түнде милиция үш адамды 1 желтоқсанда Банковая көшесінде, президент әкімшілігінің кеңсесіне тақау маңда болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұстап әкетіп, екі ай мерзімге абақтыға қамаған. Оның алдында осындай күдікпен тоғыз адам ұсталған еді.

21 қарашада Украина үкіметі Еуроодақпен ынтымақтастық келісіміне дайындықты тоқтату туралы шешім қабылдап, оның соңы елде билікке жаппай наразылық таныту акцияларына ұласты.
XS
SM
MD
LG