Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Ауғанстанда жүр


АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел
Ауғанстанда сапармен жүрген АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел Гильменд провинциясында орналасқан америкалық сарбаздармен кездесуде осы елдегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында НАТО күштерін бұдан ары қарай да Ауғанстанда қалдыру туралы идеяны қолдайтынын білдірді.

Оның алдында Хейгел Ауғанстан қорғаныс мекемесінің басшысымен кездескен еді. Ауғанстан өкілі ресми Кабул қол қоюды кейінге шегеріп келе жатқан АҚШ-пен екіжақты қауіпсіздік келісіміне «уақыты келгенде» қол қойылатындығын айтып, Хейгелді сендіруге тырысқан еді.

Пентагон басшысы бұл сапарында Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездесуді жоспарламағанын айтты. Оның сөзінше, бұған дейін Кабулда Карзаймен жүздескен америкалық дипломаттардың айтқанын оған қайталау қажет емес деп шешкен. Әдетте Кабулға келген АҚШ қорғаныс министрлігі жетекшілері президент Карзаймен де кездесіп қайтатын.

АҚШ пен Ауғанстан арасындағы қауіпсіздік туралы келісім 2014 жылдан соң Ауғанстанда америкалық әскердің қалу шарттарын қарастырады.
XS
SM
MD
LG