Accessibility links

FIFA-2014: Финалдық кезең жеребесі тартылды


FIFA бас хатшысы Жером Вальке әлемдік жарыстың финалдық кезең ойындарының жеребе нәтижесін таныстырып тұр. 6 желтоқсан 2013 жыл.

FIFA бас хатшысы Жером Вальке әлемдік жарыстың финалдық кезең ойындарының жеребе нәтижесін таныстырып тұр. 6 желтоқсан 2013 жыл.

Бразилияның Коста-ду-Сауипе қаласында футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Халықаралық футбол федерациясының бас хатшысы (FIFA) Жером Вальке әлемдік жарыстың бұл кезеңіне өткен 32 елдің ұлттық құрамалары сегіз топқа бөлінгенін хабарлады.

Жеребе нәтижесі бойынша 8 топқа командалар былайша орналасты:

А тобы: Бразилия, Хорватия, Камерун, Мексика.
В тобы: Испания, Голландия, Чили, Австралия.
С тобы: Колумбия, Грекия, Кот-д'Ивуар, Жапония.
D тобы: Уругвай, Коста-Рика, Англия, Италия.
E тобы: Швейцария, Эквадор, Франция, Гондурас.
F тобы: Аргентина, Босния, Нигерия, Иран.
G тобы: Германия, Португалия, Гана, АҚШ.
H тобы: Бельгия, Алжир, Ресей, Оңтүстік Корея.

12 маусымда Бразилияның Сан-Паулу қаласында басталатын әлем чемпионаты финалдық кезеңінің алғашқы ойынында Бразилия мен Хорватия командалары кездеседі. Ал жеңімпазды анықтайтын финалдық ойын 13 шілдеде Рио-де-Жанейро қаласындағы әйгілі «Маракана» стадионында өтеді.
XS
SM
MD
LG