Accessibility links

Таиланд оппозициясы парламенттен кететінін мәлімдеді


Таиланд премьер-министр Йинглак Чинават үкімет үйі алдында телеарнадан сөйлеп тұр. Бангкок, 28 қараша 2013 жыл.

Таиланд премьер-министр Йинглак Чинават үкімет үйі алдында телеарнадан сөйлеп тұр. Бангкок, 28 қараша 2013 жыл.

Таиландтағы негізгі оппозициялық күш – Таиланд демократиялық партиясы (ТДП) премьер-министр Йинглак Чинаваттың жүргізіп отырған саясатына наразылық ретінде парламенттегі өкілдерін кері шақырып алатынын мәлімдеді. ТДП бүгінгі отырысында осындай шешім қабылдады.

Таиландтың негізгі оппозициялық партиясының мүшелері елде қазан айынан бері Чинаваттың отставкаға кетуін талап етіп қарсылық акциясын өткізіп жатқандарға қосылмақ ниетте.

Бүгін Йинглак Чинават елдегі саяси дағдарыстан шығу үшін референдум өткізу туралы ұсыныс жасаған еді. Егер көпшілік парламентті таратып, үкіметті отставкаға жіберуді қолдап дауыс берсе, ондайға шешімге мойынсұнуға дайын екенін мәлімдеген.

Таиландта үкіметке қарсы толқулар басталғалы бері кемінде бес адам қаза тауып, 300-дей адам жараланған.

Үкіметке наразылық танытушылар дүйсенбі күні елде жаппай наразылық шерулерін өткізуді жоспарлап отыр. Олар Йинглак Чинават үкіметін оның ағасы, экс-премьер Таксин Чинават бақылайды деп айыптайды. Қазір шетелде тұратын Таксин Чинаваттың үстінен Таиландта «коррупция» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» деген айыптар тағылып, іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG